Перуашев Назарбаев отставкаға кеткенде неге жылағанын түсіндірді

Жаңалықтар
view 141
news

Блогер Алексей Лодочников Ұлттық құрылтайға қатысқан «Ақ жол» оппозициялық партиясының жетекшісі Азат Перуашевтан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен кезде оның неге жылағанын сұрады.
«Біз бәріміз адамбыз және бізде эмоция бар. Мен интернетте сіз өз эмоцияңызды сақтай алмай, жылаған видеоңызды көрдім. Мұндай жағдай қаншалықты жиі болады және онымен қалай күресесіз?» деп сұраған блогерн Бұған жауап ретінде Перуашев мұнымен күресудің қажеті жоқ екенін айтты. Ол мұндай жағдай сирек болатынын, бірақ ол эмоциясын көрсете салысымен, бүкіл интернет оны талқыға салғанын алға тартты. Ол әр адамның жүрегі бар екенін де баса айтты. Алайда жұрт мұны тағы да сынға алды. Артынша Лодочников депутатты келеке еткісі келмегенін түсіндіруге мәжбүр болды. Еске салсақ, «Ақ жол» оппозициялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен кезде көзіне жас алған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *