Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін айтты
Жаңалықтар
191
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев парамен ұсталды деп күдікке ілінген Кентау қаласы әкімінің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы облыс әкімі Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді.
Әкім тілшілердің «98 500 доллар көлемінде пара алды деп күдікті болып отырған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановтың сіздің туысыңыз екені рас па?» деген сауалына Өмірзақ Шөкеев «Ешқандай туысым емес, ол өтірік» деп жауап берді.
Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев экс-шенеунікке қатысты қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Алматы қаласы бойынша департаментіндегілер тергеп жатқанын алға тартып, сот үкімі шықпай жатып, ешкімді кінәлі етуге болмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, Дәурен Мақажанов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ақпан айында ұсталған болатын. Ал наурыздың 11-і күні Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына жаңа әкімді тағайындаған.
Пікірлер (0)