Тоқаев пен Трамп Израиль премьер-министрі Нетаньяхумен не туралы сөйлесті

Жаңалықтар
view 32
news

Фото: Ақорда

Ақ үйдегі кездесу кезінде Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімеге арқау болды. Мемлекет басшысы Дональд Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарттар жасап, көпшілік күмәнмен қараса да, елеулі нәтижелерге қол жеткізгеніне назар аударды. 

Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі. 

Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық орнатуда айтарлықтай алға ілгерілеу. Бүгінде көптеген ел Ибраһим келісімдері арқылы бейбітшілік пен өркендеу жолын таңдап отыр, – деді Дональд Трамп.

Осылайша АҚШ президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті.

Айта кетейік, Тоқаев пен Трамп кездесуінің нәтижесі жарияланған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *