Тоқаев Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Жаңалықтар
view 56
news

Фотосурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды janabastau.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті. Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті", – делінген Ақорда хабарында. 

Айта кетейік Ресейдегі президенттік сайлауда Путин 87,32 пайыз дауыспен көш бастады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *