Тоқаевтың тапсырмасымен «Бағанашыл» балалар үйі Алматыда қалады – Руслан Желдібай
Фото: Informburo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бағанашыл» балалар үйінің Алматыдан Қонаев қаласына көшірілуіне қатысты жағдаймен танысып, нақты шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыруы үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.
Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің бастамасымен осы жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетіні белгілі болды.
«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», – деп жазды Руслан Желдібай.
Осылайша, Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар үйі басқа қалаға көшірілмейді.
Пікірлер (0)