Трамп Путинмен сөйлескенін хабарлады

Жаңалықтар
view 255
news

Фото: kremlin.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлескенін мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Truth әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

АҚШ президентінің айтуынша, Путинмен телефон арқылы сөйлесу өткен бейсенбі, 13 наурыз күні болған.

"Кеше біз Ресей президенті Владимир Путинмен өте жақсы және өнімді келіссөздер жүргіздік, және бұл сұмдық, қан төгісті соғыс ақыры аяқталуы мүмкін деген өте жоғары ықтималдық бар", – деп жазды ол.

Дональд Трамптың айтуынша, бүгін мыңдаған украин сарбазы қоршауда қалды. Ол олардың жағдайын "өте ауыр" және "әлсіз" деп сипаттады.

"Мен президент Путиннен олардың өмірін сақтап қалуын қатты өтіндім. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған қорқынышты қырғын болар еді. Құдай олардың барлығына жар болсын!" – деп қосты АҚШ басшысы.

Ал бұл екі президенттің әңгімесі туралы Кремль әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *