Тұман, жел, найзағай: 11 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Батыста кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C.
Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +11…+13°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.
Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +10…+12°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +10…+12°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +10…+12°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +19…+21°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Пікірлер (0)