«Түнектен қорықпаңдар»: Нұрғали Нүсіпжанов ерекше жазба жариялады

Жаңалықтар
view 28
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясындағы ұстаздық жолы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі әншілікпен қатар, профессор-оқытушы ретіндегі қызметін ерекше мақтан тұтатынын атап өтті. 

«Әншілігімнен бөлек, профессор-оқытушылығым бар және оны мақтан тұтамын. Ұстаздық жолымдағы ұстанымым – өтпейтін өткелден өткізетін бір-ақ нәрсе – білім мен ғылым», – деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол жарты ғасыр бойы студенттерге айтып келе жатқан өмірлік қағидасымен де бөлісті.

«Жүректе жарық болса, түнектен қорықпаңдар, ізденген жетер мұратқа. Ілім алып, білімдеріңді шыңдай беріңдер, шырақтарым», – деді әнші. Жазба соңында Нұрғали Нүсіпжанов шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін концертмейстер Дина Сұлтановаға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *