Тұрғын үй кешенінің төбесі тұрғындардың үстіне опырылып түсті (видео)

Жаңалықтар
view 301
news

Сурет: видеодан кадр

Елордадаға тұрғын үй кешендерінің бірінде төбенің бір бөлігі опырылғаны видеоға түсіп қалған. Кіреберістің төбесі опырылып түскен кезде сол жерден әйел мен бала өтіп бара жатқанын байқауға болады,- деп хабарлайды Janabastau.kz хабарлайды.

"Көктем" тұрғын үй кешенінің бір кіреберісіндегі бейнебақылау камерасы түсірген видео Іnstagram-дағы Astana_brothers паблігінде жарияланған. Видеода ғимараттың ішінде төбеден су төгіліп жатқанын көруге болады. Осы сәтте төбенің бір бөлігі опырылып, әйел мен баланың үстіне құлаған. Тұрғындар соңғы сәтті қашып үлгерген. 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті аталмыш оқиғаға қатысты ешқандай шағым түспегенін хабарлады.

Жазба авторы тұрғындардың тұрғын үй кешенін салушы компанияның кемшіліктері туралы бірнеше рет шағымданғанын атап өткен.

Астана әкімдігі қалалық қоршаған ортаны және сапаны бақылау басқармасы үйді салушы "Sayran-Социаль" ЖШС-не осы жылдың наурыз айында тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Тексеріс барысында бүкіл тұрғын үй кешенін, оның ішінде кіреберістердің де тексерілген және ескерту берілген.

"Тексеру қорытындысы бойынша 2024 жылы 28 наурызда құрылыс салушыға жол берілген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, аталған ұйғарымның талаптары орындалмағандықтан, департамент материалды сот органдарына жіберді", –делінген әкімдік хабарламасында.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі өндіріске қабылдады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *