Түрік тарихшысы Проф.Др. А.Гүндоғдуның пікірі

Жаңалықтар
view 27
news

Фотосурет: дереккөз

Қазақстанның V Ұлттық Қазақ құрылтайында қабылданған шешімдер Түркі ұлтшылдығының идеологиялық әрі зияткерлік негізі тұрғысынан аса маңызды мазмұнға ие.

Мұнда қабылданған шешімдер Түркияны да, тұтастай Түркі әлемін де тікелей қызықтырады. Әсіресе Түркиядағы президенттік басқару жүйесі мен авторитаризм бағытының республика жетістіктеріне қайшы келетін құлдырау үдерістерінің аясында, Түркі әлемінде кеңестік кезеңнен кейінгі қиындықтарға қарамастан, барған сайын заманауи ұлттық мемлекет қалыптастыруға бағытталған күш-жігердің нәтижелері тұрғысынан алғанда, бұл Құрылтай Ататүріктің Измир экономикалық Съездімен пара-пар мәнге ие. Қазақстан Түркі әлеміндегі жауапкершілік пен бастамашылдықты (инициативаны) Назарбаев кезеңінде өз қолына алған болатын, ал қазір ол Түркі әлемінде заманауи демократия бастамасын да біртіндеп қолға алып отыр.

Бұл үдеріс ұлтшылдықтың «қырғи қабақ соғыс» кезеңінен қалған комплекстардан арылуына да елеулі интеллектуалды серпіліс береді.

Түркі ұлтшылдары демократия, халықшылдық, заманауилық және басқа салаларда іргелі құндылықтарымен пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

Өйткені ХХ ғасырдың басында түркішілдіктің негізін қалаушылар – Гаспыралы, Гөкалп, Ақшура және Ұлы Ататүрік мазмұнын айқындаған түрік ұлтшылдығы қырғи қабақ соғыс кезеңінде тек саяси идея аясымен шектеліп қалған еді.

Қазақ ұлттық құрылтайында қаралған өзге мәселелермен қатар, конституциялық және саяси реформалардың негізгі өзегі Парламент реформасы болып табылады.

1.Осыған сәйкес, бір палаталы парламентке көшу көзделіп, оның атауы Құрылтай деп өзгертілді. Бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат болады. Саяси плюрализмді қамтамасыз ету мақсатында сайлау шегі 5% деңгейінде белгіленді. Президенттік квоталар жойылады. Сонымен бірге парламент өкілеттіктері кеңейтіледі, оның ішінде: Конституциялық сот, Жоғары есеп палатасы және Орталық сайлау комиссиясы өкілдері және Президенттің ұсынысымен Жоғары сот өкілдерінің сайлануы Парламенттің келісімінен өтеді. Мемлекеттік жүйедегі тепе-теңдік пен теңгерім тетіктерін күшейту көзделіп отыр. 

2. Вице-президент лауазымы туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясында Вице-президент институтын құру қарастырылады. Ол Парламенттің келісімімен Президент тарапынан тағайындалады. Негізгі міндеттері: Қазақстанды халықаралық деңгейде өкілдік ету, Парламентте Президент атынан әрекет ету, жергілікті және халықаралық институттармен өзара іс-қимыл жасау. Бұл басқаруды тұрақтандыруды және билік иерархиясын айқындауды мақсат етеді.

3.Халық Кеңесін құру. Елдің ең жоғары консультативтік органы ретінде Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Оның 126 мүшесі этномәдени бірлестіктердің, ірі қоғамдық ұйымдардың, өңірлер мен жергілікті кеңестердің өкілдіктерінен құралады. Негізгі міндеттері: ұлттық бірлікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; ішкі саясат пен мемлекеттік идеология мәселелері бойынша кеңес беру; заңнамалық бастама құқығын іске асыру.

https://x.com/gundogdu_gndgd/status/2015001642371015119?s=46

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *