Түркия ұшақ апатын тексеру үшін Әзербайжанға тергеушілер тобын аттандырды

Жаңалықтар
view 427
news

Фотосурет: Day.az

Түркия Әзірбайжан ұшағының апатын тергеу үшін Бакуге тергеу тобын жібереді, деп хабарлайды janabastau.kz

Day.Az хабарлауынша, бұл туралы жұма күні Түркияның Көлік министрі Абдулкадир Уралоғлу мәлімдеді.

"Әзірбайжанның Азаматтық авиация жөніндегі мемлекеттік агенттігінің сұранысы бойынша Ақтау қаласында болған Әзірбайжан әуе желілерінің жолаушылар ұшағының апатына байланысты Түркия 8 адамнан тұратын тергеу тобын Бакуге жібереді. Топ апат себептерін зерттеп, техникалық және операциялық талдау жүргізеді.

Біздің командамыз бүгін кешке Бакуге аттанады және оқиғаның барлық аспектілерін тергеу бойынша Әзірбайжан билігімен үйлестіре отырып жұмысын жалғастырады.

Түркия әрқашан Әзірбайжанның қасында екенін білдіреді, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен әзірбайжандық бауырларымызға тезірек сауығып кетуді тілейді," – деді Уралоғлу. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *