Түркістан облысында қызы анасына бауырын берген

Жаңалықтар
view 124
news

Фото: mzdnr.ru

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы сәтті өтті, - деп хабарлайды janabastau.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

48 жастағы Ульяна Нұрметова бауыр циррозы ауруымен ауырған. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болған, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан жағдайы нашарлап, науқасқа бауыр трансплантациясы қажет болған.

Донор ретінде науқастың 19 жастағы қызы Эльвира Сахавитдинова таңдалған, ол жан-жақты медициналық тексерістен өткен.

Дәрігерлер пікірі

"Бауыр трансплантациясы Түркістан облыстық клиникасының базасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен өткізілді. Қазір науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынусыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді", - деп жазылған хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *