Түркістанда жантүршігерлік оқиға: 9 айлық сәби ине жұтып қойды

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: дереккөз

Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған.

«Тез арада аурухана мамандары - хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты», - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Медициналық көмек жедел әрі кәсіби көрсетілуінің нәтижесінде ықтимал асқынулардың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *