Тұрсынбек пен Мөлдір ресми түрде ажырасты: Блогер қазақ әйелдеріне үндеу жасады

Жаңалықтар
view 860
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілер тағы да бір танымал жұптың жеке өміріне көз тікті. Бүгінде ел аузында жүрген жаңалық — әзілкеш әрі продюсер Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдірдің ресми түрде ажырасқаны туралы блогер жазба жариялады,  деп хабарлайды janabastau.kz. 

Бұл ақпарат Instagram желісінде таралып, қоғамда қызу пікірталас туғызды. Әсіресе блогер Мүнира Абдуали бұл жаңалыққа үн қатып, әйелдерге терең ой тастайтын жазба жариялады.

«Қиындықты бірге көтерген адамнан айырылу — жүрекке ауыр. Бірақ өмір тоқтап қалмайды», — дейді ол.

Мүнира ханым әйелдерге еркектің «жақсырақты» тапса кетіп қалуы мүмкін екенін ашық айтып, сұлулық емес, ақыл мен білім басты қару екенін ескертті.

«Күйеуің кетсе де, тоқал алса да — сенің фокусың өзіңде болсын!» — деген ол нәзік жандыларды өзін дамытуға, еркін болуға шақырды.

Блогер жазбасының соңында:

«Тұрсынбектің тоқалы кім екенін де, неге ажырасқанын да білмеймін. Бірақ өзім оны өнер адамы ретінде құрметтеймін», — деп пікірін түйіндеді.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Бірі ерлі-зайыптылардың шешімін сыйлау керек десе, енді бірі «тоқал» мәселесін ашық талқылауға көшкен.

Алайда әзірге Қабатов тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *