Польшада Абай Құнанбайұлына арналған халықаралық оқулар өтті

Жаңалықтар
view 86
news

Сурет: egov.kz

Польшадағы Слупск қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Абай оқулары «Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы» тақырыбында Помор университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Іс-шараны Польшадағы Қазақстан Елшілігі мен Гданьск қаласындағы Құрметті консулдық қолдады.

Ғылыми семинар гибридті форматта өтті. Оған Қазақстан мен Польша жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен студенттері, мәдениет пен ғылым саласының мамандары қатысты.

Жиын барысында Абайдың шығармашылық мұрасы, оның қазіргі білім жүйесіндегі маңызы, жастар тәрбиесіндегі рөлі, сондай-ақ қазақ мәдениетінің еуразиялық кеңістіктегі орны кеңінен талқыланды.

Оқулар аясында домбырамен ұлттық музыкалық шығармалар орындалып, қазақ ақындарының өлеңдері оқылды.

Семинар – Абай Құнанбайұлы мен жалпы қазақ мәдениетін Польшада кеңінен танытуға бағытталған маңызды іс-шара. Мұндай ғылыми басқосулар Польшада бірнеше жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *