Қазақстандықтар жыл басынан бері  бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: Ресми дереккөзден

Сәбидің дүниеге келуі -  кез-келген отбасы үшін зорқуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттікжәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауаптыміндетпен толығады. Ата-аналар бала тууынабайланысты жәрдемақыны «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыарқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.

Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігіболғандықтан, жәрдемақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ғаарнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгенненкейін ата-ананың біріне SMS-хабарламажолданады. Жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматтытүрде тағайындалады.

Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстікөңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларғатиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екіншіорында 19 мыңнан астам төлем рәсімделгенАлматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнанастам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласытүйіндейді.

Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмекмөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегінебайланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесеүшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңгеберілсе, одан кейін туған балаларға берілетінжәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды.

Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталғанмерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығыжойылады.

Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күніішінде, ал электронды үкімет порталы мен екіншідеңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *