Ұлттық ғылым академиясы қайта құрылады

Жаңалықтар
view 50

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мен іліспе құжат жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды заң шығарушы органның Telegram арнасына сілтеме жасап. Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба "Ғылым туралы" және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" қолданыстағы заңдардың негізінде жасалған.

"Заң жобасы Ұлттық ғылым академиясын жоғары ғылыми ұйым етіп қайта форматтауды ұсынады. Осылайша ол еліміздегі осындай мәртебеге ие жалғыз ұйым болады. Академияның функцияларына әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларды сараптау кіреді", - делінген ақпаратта.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *