Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірнеше қызметкері лауазымынан босатылды
Жаңалықтар
456
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)