Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі

Қауіпсіз орта
view 145
news

фото: ашық дереккөзден

Қазіргі таңда терроризм әлем бойынша айтарлықтай өзекті мәселе болып тұр. Әлем елдері бұл қауіпті еңсеру үшін түрлі шараларды жүзеге асыруда. Қазақстан да осы үрдіске белсенді түрде қатысып, өз аумағында терроризм мен экстремизмнің алдын алу үшін пәрменді жұмыстар атқаруда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы күреске қатысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға күш салып келеді, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі журналистік зерттеуінде.

Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша ұстанымы нақты әрі жүйелі. Елдің ресми өкілдері терроризммен күресуді тек халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асыру қажет деп санайды. Осы ретте, халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы ортақ конвенцияны қабылдау ұсынысы да сөз болған болатын. Бұл құжат әлем елдері арасында терроризмге қарсы іс-қимылдарды біріздендіріп, тиімділігін арттыруға септігін тигізуі мүмкін.
Терроризм және экстремизм мәселесі тек заңмен шектелмейді. Қазіргі уақытта бұл құбылыс қоғамның әр түрлі салаларына жайылып кеткен, әсіресе балалар мен әйелдерге қатты әсер етеді. Радикалды идеялар әлеуметтік желілер бойынша кең таралып, мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы жастардың арасында теріс ықпал қалдырады. 

Өкінішке орай, біздің елімізде жасөспірімдер мен жастар экстремистік ұйымдарға қосылып, қылмыстық топтардың қатарын көбейте түскен. Бұл тұрғыда олардың тәрбиесі мен дүниетанымының қалыптаспағандығы үлкен рөл атқарады. 

Жалпы, экстремизмнің таралуы көбіне жеке тұлғалардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Осыған байланысты, Қазақстанда ақпараттық түсіндіру іс-шаралары мен радикалды идеологияға қарсы күреске бағытталған әр түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Мысалы, соңғы жылдары 40 мыңға жуық ақпараттық шара өткізілді, сондай-ақ экстремистік насихат белгілері бар интернет қауымдастықтарға қарсы 14 мың арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстанда терроризмге қарсы күрес шаралары тиімді түрде жүзеге асырылуда. ҰҚК соңғы уақытта террористік қауіп-қатерлерге қарсы әрекеттерді жетілдіруге бағытталған 600-ден астам көп деңгейлі оқу-жаттығулар мен эксперименттер ұйымдастырды. Сонымен қатар, терроризм актілерінің салдарын жою және алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Әлемде терроризмнің бірнеше түрі бар: саяси, ұлтшылдық және діни терроризм. Әсіресе, саяси терроризмде экстремистер өздерінің әрекеттерін азаматтық немесе құқықтарды қорғаудың «жалғыз әдісі» ретінде көрсетуге тырысады. Мұндай қылмыстық әрекеттер еліміздің тек ішкі қауіпсіздігіне ғана қатер келтіріп қоймай, бүкіл әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіреді.

Қазақстан үкіметі терроризмге қарсы іс-шараларды жүзеге асырған кезде құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді нығайтуға бағытталған маңызды шешімдерді негізге алады. Атап айтқанда, бұл іс-шаралардың ішінде адамдар көп жиналатын орындарды терроризмге қарсы қорғау, террористік тұрғыдан осал нысандарға бақылауды күшейту сияқты талаптар қарастырылған. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда және кезең-кезеңімен жетілдірілуде әрі жүзеге асырылуда.
Қорыта келгенде айтпағым, Қазақстан терроризмге қарсы күрес бағытындағы жұмыстарын халықаралық деңгейде үйлестірумен қатар, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жан-жақты шараларды қабылдауда. Бұл іс-шаралар елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, терроризм мен экстремизмнің таралуына қарсы иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *