Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған: Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді
Сурет: Ашық дереккөзден
Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойызда ұрғаны таспаланған бейнежазбамен танысты.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды janabastau.kz
«Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын», – делінген жазбада.
Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Пікірлер (0)