Ұлыбритания парламенті Қазақстандағы Мәжіліс сайлауына байқаушы жіберуді жоспарлап отыр
«Біз Қазақстан сияқты ортақ ережелерге негізделген дүниетанымы ортақ және демократия мен еркіндікті ілгерілетуді қалайтын елдермен байланыс орнатқымыз келеді», - деді Д.Кавчински ҚазАқпарат тілшісіне. «Мен үшін Астанада өтетін сайлауға бақылаушысы ретінде келуге шақыру алу - үлкен мәртебе. Мен үшін сайлау учаскелеріндегі нақты жағдайды көру, дауыс беруге келген қазақстандықтармен әңгімелесу өте қызық», - деді британдық депутат. «Қазақстанның Ұлыбританияда беделі жоғары. Біздің елдеріміздің бірлескен өзара тиімді іс-әрекеттері үшін зор мүмкіндіктері бар», - деп атап өтті Британ парламенті төменгі палатасының депутаты. «Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, сөз бостандығының жағдайын, барлық саяси партияларға сайлаудың тең дәрежеде болуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы тең эфир уақытын алу үшін қандай мүмкіндіктер берілгенін түсіну үшін үкіметтік емес ұйымдармен және сараптама орталықтарымен пікір алмасқым келеді. Бұл кез келген сайлаудың қаншалықты ашық және қаншалықты еркін өтетінін бағалау кезінде өте маңызды», - деді спикер.
«Бізде проблемалар жоқ деп ойламаңыз. Біз жақында ғана сайлау заңнамасына өзгерістер енгіздік. Енді сайлау учаскесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету міндетті болып табылады», - деді Д. Кавчински.
«Дауыс беру жүйесінің әділ болуы үшін бәріміз үйреніп, өзгерудеміз. Бұл - өте маңызды, өйткені біз келісе алатын бір нәрсе бар, ол – халықтың дауыс беру жүйесі олардың тілектерінің шынайы көрінісі екеніне сенімі», - деп атап өтті спикер.
«Біздің парламент пен Қазақстан парламенті арасында екіжақты байланыс орнату керек. Ол үшін мен Вестминстер Демократия қорын, сондай-ақ басқа да көптеген британдық талдау орталықтары мен институттарын пайдаланғым келеді», - деді ол.
Пікірлер (0)