«Ұлымды жоғалтып алдым»: Айжұлдыз Адайбекова
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова ірі сауда орталығында ұлын жоғалтып алған. Айтуынша, сол уақытта қатты уайымға салыныпты, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның назарын жарнама ұсынғандар аударған. Сол мезетте қасындағы ұлынан айырылып қала жаздапты. Желі жұлдызы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында көпшілікке ескерту ретінде жазды.
"Құрметті адамдар, сіздерге үлкен өтініш айтқым келеді. Мен баламен жүргенде назарымды басқа нәрсеге аудармаңыздаршы. Бүгін сауда орталығында жарнама ұсынушыларға көңіл бөлемін деп ұлымды жоғалтып алдым. Үлкен стреске түстім. Егер мен "жоқ" деп айтсам, "жоқ" деген сөз, соны түсініңіздерші. Баламды таппай қалғанда қатты қорықтым. Мүмкін оны біреу ұрлап кеткен шығар, әлде бір жерде құлап қалды ма деген ойлар келді. Бұл ешқандай да агрессия емес. Мен де адаммын. Мұндай жерлерге келгенде жай ғана демалғым келеді. Менің бұлай стресске түскім келмейді. Сол үшін алдын ала бәріңізге рақмет!", - деп жазды блогер ару.
Сондай-ақ, өзінің бартер ұсынып қажет емес екендігін атап өтті. Сондай-ақ, сауда орнына демалуға барып, стресске түскеніне ренжіді.
Пікірлер (0)