Үндістан Пәкістан аумағына зымырандық соққы жасады
Фото:depositphotos.com
Пәкістан армиясы Үндістан Әскери-әуе күштері тарапынан зымырандық соққы жасалғанын мәлімдеді», – деп хабарлайды janabastau.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының бас директоры, генерал-лейтенант Ахмед Шариф Чаудри Үндістанның Котли, Бахавалпур және Музаффарабад қалаларына зымырандық соққы жасағанын хабарлады.
"Біраз уақыт бұрын... Үндістан Ахмед-Ист ауданындағы Субханұлла мешітіне, Бахавалпур, Котли және Музаффарабадтағы үш түрлі нысанға әуеден соққы жасады. Біздің Әуе күштеріміздің барлық ұшақтары қазір әуеде. Бұл – Үндістан аумағынан жасалған қорқақ әрі масқара шабуыл. Оларға Пәкістанның әуе кеңістігіне кіруге ешқашан рұқсат берілген емес", – деді ол.
Пікірлер (0)