ҰҚК бір ай ішінде болған жемқорлық есебін ұсынды

Жаңалықтар
view 19
news

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар бойынша кезекті есепті ұсынды. Бір ай ішінде түрлі құрамдар бойынша 100 құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қылмыстық кодекс баптары бойынша анықталған фактілер:

  • 189-бап – сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу – 8 факт;
  • 190-бап – алаяқтық – 15 факт;
  • 194-бап – қорқытып алу – 1 факт;
  • 195-бап – мүлiктiк залал келтiру – 1 факт;
  • 206-бап – ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту – 1 факт;
  • 249-бап – рейдерлiк – 2 факт;
  • 361-бап – лауазымдық өкілетті теріс пайдалану – 11 факт;
  • 362-бап – өкілеттіктерді асыра пайдалану – 4 факт;
  • 364-бап – кәсіпкерлікке заңсыз қатысу – 1 факт;
  • 366-бап – пара алу – 17 факт;
  • 367-бап – пара беру – 33 факт;
  • 368-бап – парақорлыққа делдал болу – 2 факт;
  • 369-бап – қызметтік жалғандық жасау – 1 факт;
  • 371-бап – салғырттық – 1 факт;
  • 416-бап – дәлелдемелерді бұрмалау – 1 факт;
  • 425-бап – тізімдемеге алынған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер – 1 факт.

Ай ішінде 24 іс сотқа жіберілді, оның ішінде:

  • Алаяқтық (190-бап) – 10 іс;
  • Ақшаны жылыстату (218-бап) – 1 іс;
  • Пара алу (366-бап) – 3 іс;
  • Пара беру (367-бап) – 8 іс;
  • Жалған құжат жасау және өткізу (385-бап) – 2 іс.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша 409,6 млн теңге көлеміндегі залал өндіріліп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды. ҰҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *