Жамбыл облысында бір топ ер адам 14 жастағы қызды зорлаған
Фото: envanto.com
Жамбыл облысы Қордай ауданында белгісіз адамдар 14 жастағы қызды зорлап, жүкті қылып тастаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қызыңызды алып кетіңіз»: Жамбыл облысында ер адам сәлем салмаған әйелімен соттасты
2011 жылы туған қыз баланың жеңіл дәрежедегі даму қабілетінің, ақыл-ойының артта қалу диагнозымен мүгедектігі бар.
Көпбалалы, толық отбасында өскен. Үй-тұрмыстық жағдайы орташа. Қазіргі уақытта үйде оқу бағдарламасымен білім алады. 2025 жылдың 30 қарашасында кәмелет жасына толмағанның денсаулығына байланысты заңды өкілі - анасымен бірге аудандық орталық ауруханасына орналастырылған, - деді Azattyq Ruhy сайтының сауалына жауап берген Жамбыл облысының Білім басқармасының өкілі.
Еске салсақ, кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс өткен мамырда болған. Полицияның дерегінше, күдікті ұсталып, тергеліп жатыр Әлеуметтік желіде қызды топ адам зорлаған деген ақпарат кездеседі.
Пікірлер (0)