Үш президент, бір соғыс: Трамп ойлап тапқан жаңа спектакль
azerbaycan24.com
АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бейбіт келіссөздер өткізуі үшін кездесуге дайындықты бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Америкалық көшбасшы Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге өзі тікелей қоңырау шалып, оны Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездестіру үшін дайындық процесін бастағанын айтты. Оның сөзінше, келіссөз өтетін орын әзірге белгіленбеген.
«…Мен президент Путинге қоңырау шалып, президент Путин мен президент Зеленскийдің кездесуіне дайындықты бастадым. Бұл кездесудің өтетін орны кейін анықталады. Осы кездесуден кейін біз екі президент және мен қатысатын үшжақты келіссөздер жүргіземіз», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамп бұл кездесуді «соғысты аяқтауға қарай дер кезінде жасалған қадам» деп атады. Оның айтуынша, алдағы уақытта да үшжақты келіссөздер жалғасады.
Пікірлер (0)