Ұшақ апатынан ауруханаға түскен 29 адам жайлы не белгілі?
Жаңалықтар
506
Фотосурет ашық дерекөзен
Маңғыстау облысының көпбейінді ауруханасына 27 адам түскен. 11 адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлады janabastau.kz
Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.Облыстық балалар ауруханасына түскен 11 және 16 жастағы 2 қыз баланы операцияға дайындап жатыр.
11 жастағы қыз баланың миы шайқалған, беті, мұрны, жамбасы көгеріп, жамбас сүйегі сынған.
16 жастағы қыз баланың да миы шайқалған, аяғы сынған, 1-2-дәрежелі травматикалық шок алған.
Пікірлер (0)