"Хутор" жетекшісі Хасанға қатысты сұмдық ақпарат шықты

Жаңалықтар
view 306
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматы облыстық прокуратурасы "Хутор" қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.KZ -ке  сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл іс 2025 жылдың 21 шілдесінде айыптау актісімен бірге прокуратураға түскен. Қазіргі таңда материалдар Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес, процессуалдық шешімнің заңдылығына тексерілуде.

Алайда тергеу мүддесіне байланысты істің нақты мән-жайы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмей отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Хасан Қасымбаев MMA жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрлап, соққыға жықты деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ол атышулы «Хутор» қылмыстық тобының ықтимал жетекшісі ретінде аталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *