Шерзат шері: сотталғандардың бірі бостандыққа шығып кетті
Сурет: Ашық дереккөзден
Шекеев Шерзат ісі бойынша сотталушылардың бірі бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz Todayinfo-ға сілтеме жасап.
Мейірман Шекеевтің сөзінше, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді.
— Сонымен қатар, Думан Ысқақ бірінші сатыдағы үкімдегі жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, қамаудан босатылды, – дейді Шекеев.
Бір топ қылмыскерлердің қолынан үйінің алдында мерт болған Шерзаттың ісіне 5 маусымда нүкте қойылған еді. Талғарлық бандылардың әрекеті қоғамда үлкен дау туғызды. Жарты жылға созылған дау-дамайдан кейін кінәлілер ұзақ жылдарға сотталды. Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:
Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.
Равиль Сакиев 20 жыл,
Шыңғыс Белғожаев 7 жыл,
Дархан Әскентай 7 жыл,
Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда);
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл,
Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда),
Дидар Қалиахмет 7 жылға,
Кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды.
Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.
Пікірлер (0)