«Ықпалды туыстары бар»: қалыңдығына барған жігітті азаптап өлтіргендер кім?

Жаңалықтар
view 126
news

Фотосурет: дереккөз

Мақтаарал ауданында көрші ауылдағы қалыңдығымен кездесуге барған 30 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Отырар» басылымына сілтеме жасап.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қарасты Қоңырат ауылының тұрғыны Әзиз Құралбаевтың туған-туыстары ел президенті мен Бас прокурорға үндеу жолдап, көмек сұрады. Олар бір жылдан бері әділдікке жете алмай жүр.

Айтуларынша, Әзиз Құралбаевты көрші ауылдың жігіттері сол ауылдағы қалыңдығына барғаны үшін ұрып-соғып, азаптаған. Төсекке таңылған жігіт 3 айдан соң қайтыс болған.

Оқиға 2024 жылдың 11 қарашасында болыпты.

Інімнің сау жері жоқ. Оң жақ қабырғасынан тебе берсе керек. Қап-қара ұйып қалған қан тұрды. Қолын үш-төрт жерден күйдірген. Інім талып қалған кезде «өтірік жатыр» деп, ояту үшін денесін күйдірген, - дейді ағасы Альмир Құралбаев.

Әзиздің әпкесі Мөлдір Үсенбаеваның айтуынша, інісінің өліміне 6 жігіттің қатысы бар. Алайда сот алдында тек 4 адам жауап беріп жатыр. Ал екеуі куә ретінде танылған. Әзиздің туған-туыстары мұнымен келіспейді. Олар 2 адам «ықпалды туған-туыстары болғаны үшін жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін» деп күдіктенеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *