«Ысырапшылдыққа жоқ жоқ»: Мүфтият жаназа мен құдайы астың жаңа мәзірін бекітті
Фото: turantimes.kz
Соңғы жылдары жаназа мен құдайы аста еттің түрі көп, тәттісі мол, дастарханы тойдан кем түспейтін көрініске айналып барады. Осыған тосқауыл қою үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ас берудің тәртібін әзірлеп, мәзірін бекітті. Яғни жаназаға келгендердің дастарханына артық салат, торт, бәліш, жеміс-жидек қоюға болмайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мүфтият мәзірде алты негізгі өнімді бекіткен. Яғни дастарқанда:
- – нан өнімдерінен – бауырсақ пен шелпек;
- – сусын ретінде – шай мен су;
- – ыстық тағамға – ет немесе палау қоюға болады.
Сонымен қатар сары май, тары-талқан, қант пен кәмпит ұсыныс ретінде енгізілген. Тәтті бәліштер, салаттар мен түрлі жемістер бұл тізімде жоқ.
Жергілікті имамдар осы мүфтияттың осы бекітілген құжатын халыққа жеткізуге бәріміз міндеттіміз. Өзіміздің барлық қазағымыз бір сондай бір тәртіпте бір ізгілікпенен, жаңағы қазаның дастарқанын бір ізгілікке түсіреді деген үлкен үмітіміз бар, – деді имам Өмірзақ Бекқожа.
Қазір бұл талап Арқалық, Павлодар, Абай облысы мен Жезқазған қаласында енгізіліп қойған. Имамдар мен ғалымдардың пікірінше, қара жамылған отбасының үстелінде түрлі тағамдардың болмағаны жөн. Ас - халықтың бір-біріне көрсеткен құрметі мен дұғасы. Ал бәсеке мен ысырап құрметті жоққа шығарады. Сондықтан мүфтияттың бұл шешімі – әрі діни талап, әрі әлеуметтік жауапкершілік.
Пікірлер (0)