Жамбыл облысының тұрғыны «Сергекке» қасақана пневматикалық мылтықтан оқ атқан
Фотосурет: ЖИ
Жамбыл облысында ер адам "Сергек" камерасын жойғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі облыстық сотқа сілтеме жасап.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады Байзақ аудандық соты қарады.
Сот 2025 жылдың желтоқсанында ер адам "Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ" тас жолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" камерасына қасақана зақым келтіргенін анықтады. Оның әрекеті салдарынан ЖШС-ға материалдық шығын келтірілді", - деп жазылған хабарламада.
Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың ішінара өтелгені туралы хабарлады.
Жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін көрсетті. Ер адамның кінәсі хаттамамен, полицияның хабарламасымен, жәбірленушінің жазбаша арызымен және құқық бұзушының айғақтарымен дәлелденді.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Пікірлер (0)