Заң мен тәртіп: Жетісу университетінде зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара өтті

Жаңалықтар
view 77
news

Фотосурет: дереккөз

2026 жылдың 19 ақпанында Жетісу университетінің студенттері арасында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуді Педагогика және психология факультетінің деканы Ерлан Хаймулданов ашып, жиынның өзектілігіне тоқталды. Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жастар тәрбиесі мен құқықтық жауапкершілік туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында Талдықорған қалалық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айнұр Қағазбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берді.

Жетісу облысы бойынша «Таулы Қарабақ» ардагерлерінің төрағасы, Алматы облысы заңгерлік палатасының мүшесі Айдарбек Намазбаев құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Талдықорған қаласының «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ психологы Индира Ибраимова психологиялық қолдау көрсету тетіктеріне тоқталды. Іс-шара соңында студенттер сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *