ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Жаңалықтар
view 37
news

Фотосурет: дереккөз

Елімізде 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген Конституцияның жаңа жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл бағытта Жалпыұлттық коалиция мүшелері түрлі еңбек ұжымдарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндіруде. Осы орайда Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев пен «Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арайлым Байжігітова «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы – «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің» ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызы жан-жақты баяндалды.

Жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» қағидатына негізделіп, заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдық диалогті дамытуға және елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар құжатта жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және адам капиталын дамыту секілді стратегиялық басымдықтар айқындалған.

Кездесу барысында еңбек саласына қатысты нормаларға да ерекше назар аударылды. Жаңа Конституция жобасында еңбек ету құқығы әлеуметтік әділеттілік, қауіпсіздік және теңдік қағидаттарымен тығыз байланыста қарастырылған.

Бұл еңбек адамын қорғауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама екені атап өтілді. Кездесу соңында өңірлік коалиция мүшелері ұжым өкілдерін алдағы республикалық референдумға белсенді қатысып, жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *