Жаңа Конституция – жай ғана заң емес
Фотосурет ашық дереккөзден
Белгілі актер Жасұлан Қадыров жаңа Консититуцияны қолдауға шақырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзінің әлеуметтік парақшасында « Шынымды айтсам, Конституция дегенді бұрын алыс бір дүние сияқты көретінмін. Ал қазір түсінем: бұл – біздің қалай өмір сүргіміз келетінін көрсететін ереже. Жаңа Конституцияда адам құқығы, әділдік, еркіндік деген нәрселер анық айтылған. Бұл – «сенің дауысың маңызды» деген белгі. Білу де керек, түсіну де керек. Өйткені заңды білмесек, өз құқығымызды да қорғай алмаймыз. Қоғам бір күнде өзгермейді. Бірақ өзгеріс әрқайсымыздан басталады. Конституция – қағазда қалатын мәтін емес, күнделікті өмірде ұстанатын ұстаным. Құрметті оқырмандарым, сіздерді референдумға қатысуға шақырамын!», -деді. Референдум 15 наурыз күні жалпы Қазақстанда өтеді. Әр азамат өз таңдауын жасау мүмкіндігіне ие.


Пікірлер (0)