Жанар Байсеміз бес уақыт намазы бар адамдарға қарсы шықты

Жаңалықтар
view 659
news

Фото: коллаж Sn.kz

Белгілі журналист, тележүргізуші Жанар Байсеміз елімізде белең алып бара жатқан "намаз оқу" культін еске салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.

Журналист желіге жазба қалдырып, «намаз оқу» культі жайлы ой қозғаған. Оның бұлай жазуына Татарстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Рустам Батыровтың сөзі себеп болған. Тележүргізуші біздің елімізде де намаз оқу культке айналып, жастардың санасының уланып жатқанына алаңдап отырғанын жеткізген.

«Видеода сөйлеп тұрған жай адам емес. Дінтанушы, имам, университетте ұстаз, зерттеуші, публицист, діни тақырыптағы көптеген мақалалар мен кітаптардың авторы, оның ішінде “Әбу Ханифа. Өмірі мен мұрасы” кітабын жазған, Татарстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Рустам Батыров. Бәлкім қазір ол қызметтен кеткен шығар, ол жағын білмедім. Интернеттегі ақпарат осы. 

Мұны не үшін жазып отырмын? Қазір осы видеоға байланысты біраз адам маған топырақ шашайын шашайын деп жатқанда ойлансын деймін. Бұл кісінің Ислам дінін өзге қырынан көрсетіп жатқан амалдары маған жағып жатыр. Адамдар ойлансыншы деп, жариялап отырмын», — деп жазды ол. 

«Намаз культі қазақ қоғамын да жайлап кетті», деді журналист.

Жанар Байсеміз аталған жазбасында намаз культінің қазақ қоғамын да жайлап кеткенін тілге тиек еткен. 

«Иә, намаз культі қазақ қоғамын да жайлап кетті. Бұл намаз оқыма деген сөз емес. Намаздың культіне жығылып, адамдықтан аттама деген сөз. 

Соңғы кезде “намаз культіне” ұрынған адамдарды көп кездестіріп жүрмін. Олардың арасында такси жүргізушісінен бастап, мемлекеттік қызметте жүрген әкім-қаралар да, үй әрлеушілер мен жөндеу жұмыстарын жасаушылар да, жалпы барлық саладағы адамдар бар. 

Мені таңқалдырған әрі шошындырған нәрсе “намаз культіндегілер” жұма намаз бен белгілі бір адам алдындағы парыз бен міндет қатар тұра қалса, намазды таңдайды екен. Яғни олар Аллаға құлшылық жасау деген — адамға құлшылық жасау екенін түсінбейді. Адамның көңілін қалдырар, міндеттелген жұмысын қалдырар, уәдені ұмытар, бірақ намаз олар үшін адамнан жоғары болып қалады», — деп жазды ол. 

Бес уақыт намаздан бас тартқан жөн бе? 

Журалист өз сөзінде жастарға дін жолын қуса да, әсірелемей, «қуып» кетпеуін сұрады. 

«Айналайын, көкесі-ау, алған жұмысыңды бітірмей, берген уәдеңді орындамай жатып, бәрін тастап, жұма намазға барғанда Алла саған разы бола ма, деп қалсаң, беттен алып, төстен шабады. Дәл сол сәтте алдында ғана жүзінен иманы төгіліп тұрған адамның түкірігі шашырап, сені жерден алып, жерге салады. Бір демде құбыжыққа айналады. 

Приоритет — адамның көңілі емес, адамға берген уәде емес, приоритет — қайткенде де жұма намаздан қалмау! Құдай да “жынды” емес шығар?! Өзгенің қамын жемеген, уәдесінде тұрмаған, біреуді ренжітіп, жүрегін ауыртқан адамның құлшылығын қалай қабыл етеді?! 

Менің пайымымдағы намаз, әркімнің өз шаруасы, өзінің жүрек кірін кетіру үшін, тәубе ету үшін жасайтын діни рәсімі. Бірақ, бұл амал адамға зиянын тигізбеу керек. Намаз оқимын, намазым бар деп міндетсінбеу керек. Оқыса әр адам өзі үшін оқиды. Алла ешкімнің намазына мұқтаж емес. 

“Намаз культінде” жүрген адамдар бәрібір мұны түсінбес. Бірақ, менің сөзім сізге ой салса екен.

Дінді ұста, намаз оқы. Бірақ, қатты қуып кетпеші, замандасым…Адам көңілін қалдырған пендені Құдай жарылқайды деп ойламаймын. “Өміріңе намазды кіргізсең, өміріңді жақсартасың. Ал, намаз культіне ұрынсаң тағдырыңның тас-талқанын шығарасың”, — деп түсіндірді журналист. 

«Сонымен бірге журналист «намаз оқумен өзгеніңн құқығын» шектемеуге шақырды. 

Тағы бір нәрсе бар, жұма намазға баратындар көліктерін көшеге қояды, жауып содан кептеліс болады. Айта берсең көп. Намаз намазбен өзгенің құқығын шектеме!», — деп сөзін түйіндеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *