Заңгер Айгүл Орынбек қоғамда сәләфиттер көбейіп жатқанын айтты
Жаңалықтар
857
Сурет: Ашық дереккөзден
Заңгер Айгүл Орынбек қоғамда сәләфиттер көбейіп жатқанын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
"Имамдар осылай ішіп жүрген соң, әрине теріс ағымдағылар көбейіп жатыр.
Өз ағзасын улап жатыр, мейлі деп үнсіз қоя салайын десем, осындайлардың кесірінен сәләфиттер қоғамда көбейіп жатыр. Негізі күлетін жағдай емес, дабыл қағу керекпіз.
Батыс миы уланғандарға толыпты, кешегі полициядан қорықпай, әйелін пышақтап тастаған еркектің өзі үлкен сигнал! “Күрең күзде соғатын бір соққымыз бар әлі” дегенде ойланып қалған едім… ҚМБД әдейі “иван имамдарды ” қоғамды дүрліктіру үшін ұстап отырған жоқ па екен? - дейді Айгүл Орынбек.
Пікірлер (0)