Заңгер Нұрсұлтан Орынбек: «Қуаныш Шоңбай — инфоалаяқтардың атасы»
Сурет: әлеуметтік желіден
Белгілі заңгер әрі алаяқтармен күресіп жүрген белсенді Нұрсұлтан Орынбек «Dúrbі» подкастының қонағы болып, еліміздегі инфобизнес мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Sadaq Media-ға сілтеме жасап.
Сұқбат барысында ол кәсіпкер Қуаныш Шоңбайды инфобизнесті елімізге алғаш енгізген адам ретінде атай отырып, оны «инфоалаяқтардың атасы» деп сипаттады.

«Елімізге инфобизнес деген ұғымды алып келген Қуаныш Шоңбай болды. Ол мұны мақтанып айтады. Мүмкін олар бастапқыда жақсы ниетпен кіргізген болар. Арасында пайдасын халықпен бөлісіп жатқандар да бар. Бірақ, өкінішке қарай, көпшілігі алаяққа айналды. Себебі олар адамның санасына әсер ететін түрлі техникаларды үйретті, сенімге кіру жолдарын көрсетті», – деді заңгер.
Нұрсұлтан Орынбектің айтуынша, бүгінгі күні инфобизнесте халықты алдап жүргендердің көпшілігі дәл осы Шоңбай ұсынған тәсілдерді қолдануда.

«Олар осы техникаларды пайдаланып, жұртты алдап кетті. Мен сондықтан оны инфосығандықтың атасы’ деп атадым. Инфобизнестегі алаяқтардың сауабы мен күнәсі — сол алғашқы енгізушілердің мойнында», – деді ол.
Пікірлер (0)