«Жәнібек ештеңе қолданған жоқ!»: Әлімханұлының менеджері маңызды мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 98
news

Фотосурет: sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы төңірегінде туындаған допинг дауына қатысты оның менеджері Берік Сұлтан ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Берік Сұлтанның айтуынша, қазіргі таңда іске барлық профильді мамандар тартылған. Атап айтқанда, промоутер, менеджерлік команда мен заңгерлер жағдайды құқықтық тұрғыда толық бақылауға алып, мүмкін болатын шеттету мерзімін барынша қысқартуға бағытталған жұмыс жүргізіп жатыр.

Жәнібек ақ! Тиым салынған ешқандай зат қолданбайды! Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмысын жасауда! Жәнібек те, мен де ештеңе жасай алмаймыз, біздікі тек күту! Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс жасалып жатыр! Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді! Бұдан да өтеміз!, – деді Берік Сұлтан.

Менеджердің сөзінше, В сынамасынан да дәл сол заттың анықталуы жағдайды күрделендірген.

Дегенмен бұл – тергеу барысындағы аралық кезең ғана. В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті әрине! Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болады — соны күтеміз. Біздің мамандар айналысуда! Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақтар көтерілуде! Өйткені Жәнібек ондай тиым салынған зат қолданбаған! Күтейік ақырын!, – деді Берік Сұлтан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *