Футболға «Бораттың» купальнигімен келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
Жаңалықтар
112
Фотосурет: видеодан скриншот
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Бельгия азаматтары әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпаратагенттігі әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар «Брюгге» мен «Қайрат» командалары арасындағы матч кезінде «Астана Арена» стадионында болған оқиғадан кейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Белгілі болғандай, Бельгия азаматтары мас күйде болып, көпшілік алдында сырт киімдерін шешіп, іш киіммен қалған.
Олардың үстінде танымал фильмдегі «Бораттың» купальнигі болған. Бұл әрекет бейнекамераларға түсіп, Қазақстанның әлеуметтік желілерінде кеңінен тарады.
Пікірлер (0)