Жастар – Конституциялық реформаны қолдайды
Фотосурет: дереккөз
2024 жылғы «Қосшы аруы» байқауының жеңімпазы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Иназ Кәукенова елімізде жүзеге асып жатқан конституциялық реформаларға қолдау білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бұл өзгерістер Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатқан маңызды әрі қажетті қадам.
«Бүгінде біз әділ, ашық және дамыған қоғам құру жолында тұрмыз. Конституциялық реформалар – осы мақсатқа жетудің нақты негізі. Бұл бастамалар азаматтардың құқықтарын қорғауға, халықтың пікірін ескеруге және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған», – деді ол.
Сондай-ақ, Иназ Кәукенова жастардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.
Оның сөзінше, ел болашағы саналатын жастар қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласып, мемлекет дамуына өз үлесін қосуы тиіс.
«Жаңа Конституцияны қолдау – бұл тек саяси ұстаным емес, бұл – болашақ алдындағы жауапкершілік. Қазіргі жастар білімді, жаңашыл әрі жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Біз тек білім алып қана қоймай, елдегі маңызды өзгерістерге белсенді қатысуымыз керек», – деді ол.
Ол жаңа Конституцияны қабылдау жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды кезең екенін атап өтіп, барлық жастарды референдумға қатысып, ел тағдырына бейжай қарамауға шақырды.
«Мен референдумға қатысып, жаңа Конституция үшін таңдау жасай алатыныма қуаныштымын. Бұл – менің өмірімдегі тарихи саяси таңдау», – деп түйіндеді Иназ Кәукенова.
.
Пікірлер (0)