Жауыннан кейін жиырма шақты үйді су басты

Жаңалықтар
view 533
news

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

7 шілдеде Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында қатты нөсерден кейін көлбеу ағын қалыптасып, тау бөктерінде орналасқан 200-ден астам үйдің ауласы мен 21 үйдің ішін су алды, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов, Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов барған.

“Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз”, – деді Қарашөкеев. 

Қазір тұрғындарға көмектесу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органнан және Төтенше жағдай департаментінен барлығы 50-ден астам адам, 17 бірлік техника жұмылдырылып, 11 мотопомпа және дрон қолданылуда.

"Жаңатас-Саудакент" тасжолы су басу қаупіне байланысты жабылды. Саудакент елді мекенінде арнайы техникалардың көмегімен бұрылыстағы суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары жүргізілген. Адам, мал шығыны жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *