Қыздар төбелесіне не себеп?
Сурет: Ашық дереккөзден
Оралда екі жасөспірім қыз құрбысын соққыға жыққан, деп хабарлайды Janabastau.kz.
Куәгер Instagram әлеуметтік желісінде бұл туралы мәлім етті. Оқиға 7 шілде күні болған.
Жазылған мәліметке сүйенсек, екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған. Қыз құлап, басын тасқа соққан, аяғынан жарақат алған.
«Осының бәрі екі ұл баланың көзінше болды. Олардың бірі қызды серуендеуге шақырған. Сол жерде екі бұрынғы құрбысы күтіп тұрған. Қазір анасы мен қызы полиция бөлімшесінде, олардан жауап алынып жатыр», – деп жазды куәгер.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер (0)