Жел күшейіп, боран соғады: 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 308
news

Сурет: Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, 2 қаңтар күні Скандинавия түбегінен келетін циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында қар жауады, – деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар түсіп, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, батысында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. 

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с-ге жетеді, кей уақыттарда одан да асып кетуі ықтимал.

Астанада күн бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -5-7°C, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 5-10м/с.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *