Жеңіс күні мен «Мәңгілік полк» шеруін өткізуге қанша мемлекет тыйым салды

Жаңалықтар
view 65
news

фото: culture.ru

Ресейде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған шаралар мен "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге тыйым салынған елдердің тізімі жасалды, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылы Украинадағы соғыс аясында Аустрия, Бельгия, Дания, Ирландия, Италия, Польша, Румыния, Франция, Чехия, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания елдері Мәскеудегі Жеңіс парадына қатыспайтындарын және 9 мамырды «ресейлік стильде» атап өтуге қолдау көрсетпейтіндерін мәлімдеді.

«Мәңгілік полк» акциясына тыйым

АҚШ

2015 жылдан бері тыйым күшінде. Украинадағы соғыс басталғалы бері еске алу шеруі мен мемориалдарға гүл қою рәсімдеріне де шектеу қойылған.

Ұлыбритания

2022 жылдан бастап Лондонда шерулерге ғана емес, мемориалдарға гүл шоқтары мен веноктар қоюға да тыйым салынған.

Ирландия

Бұл акцияға 2022 жылдан бастап тыйым салынған.

Қазақстан

2022, 2024 және 2025 жылдары «Мәңгілік полк» шеруі қауіпсіздік және «мүмкін болатын арандатуларға» байланысты өткізілмеді. 2023 жылы шара «Батырларға тағзым» атауымен ұйымдастырылды.

Қырғызстан2024 жылы Бішкекте шеру қауіпсіздік пен «арандату қатері» себепті өткізілген жоқ.

Тәжікстан
2017 жылы бұл елдің билігі «Мәңгілік полк» акциясын ислам дәстүрлері марқұмдардың портреттерін жария түрде көрсетуді құптамайды деген уәжбен тоқтатты.

Литва, Латвия және Эстония

Жеңіс күніне байланысты кез келген салтанатты шаралардан бас тартып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *