ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА САЙЛАУ

Сайлау
view 201
news

Қазақстан Респбуликасы өзінің Тәуелсіздік тарихында кезекті рет Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихаттардың дептуаттарын сайлады.

Бұл жолғы сайлаудың мәні мен мазмұны, тарихы да тереңде жатыр. Бастауы былтырғы жылы маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда екендігін айтқан жөн.Сол референдумда Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп, халық сол өзегрістерді дауысқа салған еді. Сол референдумда халық өзгерісті жақтап дауыс берді. Конституцияға өзгерту үшін енгізілген ұсыныстарды жақтады. Сол өзгерістен бастап партиялар мен кандидаттар жаңа леппен, өзгеше қарқынмен сайлауға қатысуға мүмкіндік алды. Ал, одан бірнеше ай бұрын Президент Қазақстан халқына жолдауын жариялағаны барша халыққа мәлім. Дәл сол 2022 - жылдың наурыз айындағы жолдауында Президент Қасым Жомарт Тоқаев қолданыстағы Мәжілістің депутаттарын сайлау тәсілдері жайлы, саяси жаңғырудың негізі былай деген еді: «Саяси жаңырудың басты мақсаты - азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру, бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз. Біз осыдан он бес жыл бұрын конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорциионалды тәсілмен сайлауға көштік. Ал, 2018 - жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда, оның жағымсыз тұстары да байқалды». Иә, Президент бұл жерде партиялық жүйеде жекелеген азаматтардың дауысы мен көзқарасы, ел тұрғындарының өз көңіліндегі белсенділердің сайлаудан шет қалып жататындығын жиі айтатындығын меңгезен еді. Және бұл соңғы уақытатта сарапшылар анық аңғара бастаған, халықтың бұйығы күйге түсіп, сайлауға бей-жай қарайтын жағдайына расымен де көз жеткен жағдай болды. Президент бұны да өз жолдауында анық айтты: «Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағы мсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі». Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері де өзгеріске толы сайлаудың сәтті өтуімен қазақтсандық әріптестерін құттықтады. Жаңа форматтағы сайлау болса да тыңғылықты атқарылды деген бағаларын берді. ЕҚЫҰ бақылаушылар биылғы сайлау - халықтың ішінен шыққан белсенді саяси тұлғаларға мүмкіндік беріп, олардың арасында бәсекеслетік тудырды. Осылайша халықтың таулау жасауына мол мүмкіндік жасады деген бағаларын берді. Қосшы қаласының тұрғындары да таңмен таласа тұрып, науқанға ат салысты. Маңызды науқанды өткізу үшін қалада он екі сайлау учаскесі құрылған. Сайлау барлық азаматтарға өз ммүкіндіктерін пайдалануға, ешкімнің бұл науқаннан шет қалмауына барлық мүмкіндік жасалды. Өйткені, бұл еліміздің саяси тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі еді. Бұл жолғы Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауы бұрынғы сайлаудан өзегерек болды деп көптеген сарапшылар мен сяасаттанушылар, әр түрлі қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өз пікірлерін білдіріп отыр. Жоғарыда айтақанымыздай сайлауға барлық азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде айрықша қамқорлықты қажет ететін жандар да бар. Бұл азаматтардың да үні ескерусіз қалған жоқ. Заң негізінде берілген құқықтарын толықтай пайдалана алды. Қалалық мүмкіндігі шектеулі жандар қауымдастығының төрағасы Эльмира Масұтбекқызы былай дейді: Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау – жүйені түбегейлі қайтадан жандандырып, мемлекеттік басқарудың жаңа формасын алып келеді. Біз осы елдің азаматы ретінде осыған сеніміміз мол. Бұған дейінгі жылдары жүргізіп жатқан өзгерістер мен бастамалар арқылы көз жеткізуге болады. Біз де Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Бұл сайып келгенде қоғамның әрбір мүшесінің борышы деуге негіз бар. Қысқаша айтқанда, 19-наурыз күні өткен сайлауға мүгедектігі бар жандар өз үлесін қоса отыра, үкіметтен шешімін таппаған мәселелер өзінің оңтайлы жолына түседі деген үмітпен қарайды. Сол себепті Қосшы қаласының ееркше қамқорлықты қажет ететін жандар да дауыс бере отыра үлкен үмітпен, сеніммен қарап, өз таңдауларын жасады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға үй жағдайында дауыс беруге мүмкіндік жасады. Бұл тұрғыда ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Сонымен, Қосшы қаласы мәслихатының оннан астам мәслихат депутаты өз міндеттеріне кірісті деуге болады. Барлығына халық сеніп, үмітін артады. Алдағы өмірлерін жақсартатындықтарына сенеді. Қалаға адал қызмет қылып, қоғамды өркендетеді, тың бастамалардың жаршысы болады деп сенеді. Наурыз айының он тоғызы күні сайлау учаскелеріне барып, жәшіктерге бюлетень тастаған әрбір сайлаушының тілегі де, тілеуі де осы. Депутатты халық таңдайды. Ал, сол аманатты адал арқалап, сенімге селкеу келтірмеу әрбір сайланған депутаттың біліктілігі мен іскерлік қырына, адал ниетіне байланысты. Ең бастысы сенім мандатын ақтау. Бұл тұрығда бүгінгі сайлау нәтижесін халық тарапына беріліп отырған аванс ретінде де қабылдауға болады. Сайлау күні учаскеге барып, келіп дауыс берген әрбір адамнан сайлаудан не күтесіз деп сұарасаңыз, кез-келгені оң өзгеріс деген үмітін жеткізгендігін көрдік. Тәуесліздік тарихында өзіндік тарихи жолына түскен елдің көргені көп. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын сәттеріне де, жаңылған жүрісіне де, қателіктері де осы халық куә. Бұл жолы да әрбір қадамын оңға баста деп тілеп келген жұрттың үміті аспаннан биік, теңізден терең. Жердей салмақты деп айта аламыз. Осы үміттерді ақтау үшін депутаттар алдында өз бағдарламарын іске асыру жолындағы тынымсыз еңбек, қажырлы қайрат керек. Атап өткеніміздей, халқымыз тәуелсіздік тарихында көптеген оқиғаларға куә болды. Барлығы ел тұрғындарының көз алдында өтіп, көңіл түкпірінде қайнап жатты. Бәріне өзінің кең пейіліне, адал ниетіне, көлдей тұнық көңіліне салып бағасын берді. Тәуелсіз тарихында ел тұрғындары жеті бірдей Мәжіліс сайлауына ат салысыпты. Азаттық алып, Алаш рухы қайта оянған тұста елдің дамуы жолында жаңа мемлекеттің іргесі жылдам бекіп, өз сүрлеуіне адаспай түсу жолында Парламенттің атқарған ролі де айрықша болғандығы белгілі. Сол жеті реткі Мәжіліс сайлауының алғашқы үшеуі аралас жүйемен өткен. Ол дегеніміз дәл осы өткен сайлаудағыдай халық жекелеген кандидатқа дауыс беруге мүмкіндігі болды деген сөз. Ал, 2007 - жылдан бері депутаттар партиялық тізім бойынша сайлана бастады. Ол жүйенің де ащысы мен тұщысын кандидаттар да, халық та көрді. Басты мәселе қай жүйемен өтсе де сайлаудың әділ өтуі басты ереже. Ал, бұл жолғы бәсеке, маңызды саяси дода мүлде жаңа ережемен өтті деуге болады. Президенттің жолауында айтылған бастамаларға, кейін халық дауыс берген референдумдағы өзгерістерге сәйкес Мәжіліс депутаттарының жетпіс пайызы партиялық тізім бойынша мандат иеленді. Ал, қалған отыз пайызы тікелей кандидатқа дауыс беру арқылы анықталды. Еліміздегі республикалық және әр аймақтардағы облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттар сайлауы да аралс жүйенің үлгісімен сайланды. Бұл ел тарихындағы бұрынғы сайлау тәжірибесінде болмаған үрдіс екендігі белгілі. Сонымен қатар, бір атап өтерлігі, аудандар мен өзге қалалардың мәслихат құрамы толықтай тікелей сайлау арқылы жасақталды. Бұл алыс елдімекендедегі тұрғындардың ерікті түрде таңдау жасап, қалаған кандидаттарына дауыс беруге мүмкіндік сыйлады. Жалпы ел тұрығдарының сайлауға деген белсенділігін қайтадан арттырса, аудан және қала тұрғындарының мүлдем еркін таңдауына жол ашты. Әрине, халық кімге дауыс бергендігін білсе ғана сайлауға деген сенімі артататындығы белгілі. Әрі көзіне таныс, көңіліне жақын жандардың аты-жөнін белгілеу мкіге болмасын үміт пен сенім сыйлап, саяси құлышыныс тудыратыны белгілі. Бұл жолыға сайлаудың басты артықшылығы ретінде баршасы осыны атап, осы тәсілді айрықша белгілеп атап өтетіндігі де сондықтан. Тағы бір бөліп айтар бір жәйт бар. Өткен жылы халық дауыс берген Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдеді. Бастапқы да мүше болуы тиіс адамдар саны 4 есе, 20 мыңнан 5 мың адамға дейін азайды. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға дейін төмендетілді. Әрине, партия құру оңай емес. Бей-жай қарап, жүрдім-бардым жасауға келмейді. Партия құру бір адамның идеясы болуы мүмкін. Немесе, белгілі бір мүдделес адамдардың да бастамасы болады. Әрине, кім бастаса да заң аясында бастамашылар тобының сандық мөлшері белгіленген. Бұрын ол мың адам еді. Дәл осы жолғы сайлауда партиял құру үшін қажет бастамашы топ адамдарының санын жеті жүзге дейін қысқартты. Қоғам болған соң әр түрлі көзқарастағы адамдар бар. Демократияға бет бұрып отырған ел ретінде олардың әрқайсының ойын білу маңызды. Осы мақсатта болар осы жолғы сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді. Сайлау кезінде мыңдаған адам осы мүмкіндікті пайдаланып, өз көзұарастарын білдірді. Айтпақшы, Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайғандығын да бөле айту керек. Ал, қоғамның әр түрлі өкілдерін қамтитын депуттатық корпус құру үшін де бірқатар қадамдар жасалды. Оллардың ішінде әйелдерге, жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамту мәселесі шет қалған жоқ. Осылайша, депутаттық мандаттың 30 пайызын міндетті түрде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу керектігі туралы заң нақты түрде бекітілді. Бұл сайлаудың боларын бәрі де білді. Президент қыркүйектегі жолдауында бұны айтқан болатын. Міне, наурыз айында кезекті рет маңызды сяаси науқанды атқарған Қазақ елі алдағы күндерінен оң өзгерістерді күтуде.

Жанасыл СЕРІКБОСЫН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *