Заңсыз диплом әзірлейтін 20 сайт анықталды

Жаңалықтар
view 17
news

Коллаж: egemen.kz

Жалған дипломдардың алдын алу мақсатында 1991 жылдан берілген дипломдардың базасы құрылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, базаға енгізілген барлық дипломға бірегей нөмір мен QR-кодтар беріледі. Ал деректер жүйесіне тек ресми тіркелген университеттің қызметкерлері ғана кіре алады.

Егер білім құжатында бірегей нөмір мен арнайы QR-код болмаса, ол құжат жарамсыз деп танылады.

«Дипломдарды генерациялау «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес», – деп ескертеді министрліктен.

Дипломның заңды екенін жұмыс берушілер де тексере алады. Ол үшін  https://epvo.kz сервисіне кіріп, анықтауға болады.

Ведомство Ішкі істер министрлігімен бірге жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап отырады. Осы уақытқа дейін 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.

Қылмыстық кодекске сәйкес, жалған құжат дайындағандар екі жылға бас бостандығынан шектеледі немесе айыппұл төлейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *