Қосшы қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 наурызда өткен депутаттарды сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Сайлау
view 91

2023 жылғы 19 наурызда Қосшы қалалық мәслихатының 12 сайлау округі бойынша депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Қосшы қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 17217 азамат енгізілді. Дауыс беруге 10311 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 46 сайлаушы дауыс берді. Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 22 сайлаушы дауыс берді. Сайлауға 40 кандидат қатысты. Қосшы қаласы мәслихатының депутаттарын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді; №1 бір мандатты сайлау округі бойынша Әбсәмет Мансұр Әбушахманұлы үшін сайлаушылардың 75 дауысы берілді, Жорабеков Әзімхан Ханиұлы үшін сайлаушылардың 89 дауысы берілді, Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы үшін сайлаушылардың 1149 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 18. №2 бір мандатты сайлау округі бойынша Осипова Ирина Сериковна үшін сайлаушылардың 378 дауысы берілді, Назаренко Александр Сергеевич үшін сайлаушылардың 25 дауыс берілді, Сапаров Бауыржан Қайырбекұлы үшін сайлаушылардың 28 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 12. №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Кәкімжанов Дидар Бөлтірікұлы үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді, Қасенов Нұрдәулет Нұрсейітұлы үшін сайлаушылардың 347 дауысы берілді, Байжанова Гүлжанат Қойшыбайқызы үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15. №4 бір мандатты сайлау округі бойынша Айтжанов Руслан Қасымұлы үшін сайлаушылардың 190 дауысы берілді, Әділов Ұлан Талғатұлы үшін сайлаушылардың 29 дауысы берілді, Саду Ерлан Сәтұлы үшін сайлаушылардың 14 дауыс берілді, Мыңжасаров Еркебұлан Дүйсенұлы үшін сайлаушылардың 149 дауыс берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 51. № 5 бір мандатты сайлау округі бойынша Бейсенбаева Мадина Шақанқызы үшін сайлаушылардың 38 дауысы берілді, Билисбекова Асель Львовна үшін сайлаушылардың 75 дауысы берілді, Данабекұлы Ақылбек үшін сайлаушылардың 111 дауыс берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны-5. № 6 бір мандатты сайлау округі бойынша Ниязов Мирас Бақытбекұлы үшін сайлаушылардың 90 дауысы берілді. Ибраев Шоқан Саматұлы үшін сайлаушылардың 1304 дауысы берілді. Исина Махаббат Қабиболлақызы үшін сайлаушылардың 97 дауыс берілді. Асылжан Тоғас Асылжанұлы үшін сайлаушылардың 50 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 19. №7 бір мандатты сайлау округі бойынша Райханова Динара Қуанышқызы үшін сайлаушылардың 1094 дауысы берілді, Елтаева Ардақ Жұмаділқызы үшін сайлаушылардың 71 дауысы берілді, Дюсембаева Мөлдір Маратқызы үшін сайлаушылардың 76 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11. №8 бір мандатты сайлау округі бойынша Сатыбалды Әмірлан Әсетұлы үшін сайлаушылардың 69 дауысы берілді, Сахария Баянды үшін сайлаушылардың 1090 дауысы берілді, Еділова Айгүл Ермекқызы үшін сайлаушылардың 73 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8. №9 бір мандатты сайлау округі бойынша Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлы үшін сайлаушылардың 1068 дауысы берілді, Боханова Сәуле Рахымжанқызы үшін сайлаушылардың 78 сайлаушы дауысы берілді, Қуандықова Сымбат Бауыржанқызы үшін сайлаушылардың 89 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5. №10 бір мандатты сайлау округі бойынша Әбділов Дархан Жанатұлы үшін сайлаушылардың 37 дауысы берілді, Ташенов Мақсат Еркінұлы үшін сайлаушылардың 286 дауысы берілді, Пазылбек Гүлдана Ақылбекқызы үшін сайлаушылардың 27 дауысы берілді, Өміржанов Дүйсенбай Тұрғынбекұлы үшін сайлаушылардың 53 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 44. №11 бір мандатты сайлау округі бойынша Иманбаев Азамат Рашидұлы үшін сайлаушылардың 102 дауысы берілді, Жикенов Мұнар Қайырбекұлы үшін сайлаушылардың 72 дауысы берілді, Бекбаева Ақмарал Бақытжанқызы үшін сайлаушылардың 1073 дауысы берілді, Аяпов Еркін Найзағұлұлы үшін сайлаушылардың 57 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 52. №12 бір мандатты сайлау округі бойынша Абдрахманов Болат Үкібайұлы үшін сайлаушылардың 129 дауысы берілді, Ерназарова Аяулым Оңдасынқызы үшін сайлаушылардың 10 дауысы берілді, Бөкенов Нұрбол Нұрланұлы үшін сайлаушылардың 11 дауысы берілді, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 6. 2. Сайлау қорытындысы бойынша Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды: № 1 бір мандатты сайлау округі бойынша Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы, 1976 жылы туған, «Қосшы Су» ШЖҚ МКК директоры, Қосшы қаласында тұрады; №2 бір мандатты сайлау округі бойынша Осипова Ирина Серикпаевна, 1981 жылы туған, «Аманат» ТҚК төрағасы, Қосшы қаласында тұрады; №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Қасенов Нұрдәулет Нұрсейітұлы, 1990 жылы туған, «Элит Строй Комплект» ЖШС құрылтайшысы, Қосшы қаласында тұрады; №4 бір мандатты сайлау округі бойынша Айтжанов Руслан Қасымұлы, 1982 жылы туған, Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты, Қосшы қаласында тұрады; № 5 бір мандатты сайлау округі бойынша Данабекұлы Ақылбек, 1993 жылы туған, «жастар-ресурстық орталығы» КММ директоры, Қосшы қаласында тұрады; № 6 бір мандатты сайлау округі бойынша Ибраев Шоқан Саматұлы, 1967 жылы туған, «котельное АСИ» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Қосшы қаласында тұрады; №7 бір мандатты сайлау округі бойынша Райханова Динара Қуанышқызы, 1979 жылы туған, «Terragroup GDS» ЖШС Бас директоры, Қосшы қаласында тұрады; №8 бір мандатты сайлау округі бойынша Сахария Баянды, 1985 жылы туған, «Мәдениет үйі» КММ директоры, Қосшы қаласында тұрады; №9 бір мандатты сайлау округі бойынша Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлы, 1961 жылы туған, Қосшы қаласы әкімінің орынбасары, «Қосшы қаласының әкімдігі» ММ, Қосшы қаласында тұрады; №10 бір мандатты сайлау округі бойынша Ташенов Мақсат Еркінұлы, 1983 жылы туған, «Mail Company» ЖШС директоры, Қосшы қаласында тұрады; №11 бір мандатты сайлау округі бойынша Бекбаева Ақмарал Бақытжанқызы, 1993 жылы туған, «Дара» Бизнес академиясы мектеп лицейінің директоры, Астана қаласында тұрады; №12 бір мандатты сайлау округі бойынша Абдрахманов Болат Үкібайұлы, 1970 жылы туған, ҚР Бокс федерациясының вице-президенті «Тарлан Батыры» клубы, Қосшы қаласында тұрады. Косшы қалалық сайлау комиссиясы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *