Жаңа Премьер-министр республикалық және жергілікті бюджетті тексеруге тапсырма берді
Жаңалықтар
106
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Өткен жиында Олжас Бектенов республика көлемінде аса маңызы жоқ мәселелерге бюджет қаражатын шығындауды шектеу керек екенін айтты.
Cонымен қатар Премьер-министр Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту мәселесін ортаға салды. Ол Салық кодексіне өзгерістер енгізу барысында құжатты дайындауды толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеуді ескертті.
«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек», деді Олжас Бектенов.
«Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек», деді Үкімет басшысы.
Пікірлер (0)