Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін боранда 18 шақырым жаяу жүрген

Жаңалықтар
view 46
news

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін 18 км бойы жол талғамайтын көліктің алдында ақтүтек боранда жаяу жүрді. Бұл туралы janabastau.kz. Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түскен. 73 жастағы тұрғынды аудандық ауруханаға жеткізу керек болған. Осы мақсатта алты құтқарушы жолға шыққан. "Алты адам жолға шыққанбыз.  Күн райының қолайсыздығына байланысты жүргізуші жолды көре алмай, сол себепті құтқарушылар көліктің алдында екі адамнан кезектесіп шығып 18 шақырымды жүгіріп отырып, әжемізді аудандық орталық ауруханаға аман-есен жеткіздік. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз", - дейді құтқарушы Ақдәулет Әли. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданындағы бөлімше қызметкерлеріне жұртшылық ризашылықтарын білдіріп жатыр.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *